ҰБТ-ның алғашқы күні 164 түлек тәртіп бұзды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ның алғашқы күні 164 түлек тәртіп бұзды

22.06.2020

Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні. Еліміз бойынша 10 мың 77 түлек пандемияға байланысты ерекше жағдайда сынақ тапсырды. Емтиханға кірмес бұрын бірнеше сақтық шараларынан өтеді. Жарты жолда тоқтатылып, кері қайтқан түлектер де бар. Білім тестілеуінен мүлдем шеттетілгендер саны да белгілі.

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні-ақ 164 түлек емтиханнан күдер үзді. Себебі тестілеу тәртібін бұзған, телефон қолданған. Ал сынақтың аяқталуына әлі екі аптадай уақыт бар. Сол аралықта қаншасы сүрінері белгісіз. Екінші рет мүмкіндік бермеу – жеткіншектің келешегіне кедергі емес пе десек, орталық директоры қателік кешірілмейтінін айтады.

ҰБТ-ның соңғы қорытындысы тамызда нақты болады. Яғни жаңа нормаға сәйкес тестілеу барысындағы бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тапсырушы тыйым салынған заттарды қолданған болса нәтижелері жойылады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу