Түркістанда адамдар пневмониядан қайтыс болып жатқандығы туралы ақпарат жалған
Түркістанда да өкпесі қабынып ауруханаға түсіп жатқандар көп. Дегенмен, «Пневмониядан күніне 10-15 адам өліп жатыр, ауруханада орын жоқ» деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұны жоққа шығарды. «Қазір Түркістан орталық ауруханасында 600-дей адам осы диагнозбен тіркелген. Дегенмен, оның жартысына жуығы жазылып шықты. Ауруханада қосымша 220 орын әзірленген. 54 дәрігер, 109 орта буын, 59 кіші буын медицина қызметкерлері науқастарды күні-түні емдеп жатыр. Қайтыс болғандардың бәрі пневмониядан кеткен жоқ»,- дейді олар.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06