Мәжіліс қоқысты энергия көзіне айналдыруға арналған жобаны мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс қоқысты энергия көзіне айналдыруға арналған жобаны мақұлдады

17.06.2020

Қоқысты жағу арқылы энергия өндіру көзделіп отыр. Әзірге елімізде ондай бірде-бір жоба жоқ. Инвесторлар ықылас танытпайды. Ал кәсіпкерлердің қаржы салуы үшін қызықтыру керек. Сондай қолдаудың негізгісі – кәсіпорындардың өндірген электр энергиясын кепілді түрде сатып алу. Мәжіліс депутаттары басқа да қандай заң жобаларын ұсынды.

Елімізде қоқысты өңдеу көрсеткіші тым төмен. 15 пайыз. Ал көмілетін қалдық жыл сайын 5 миллион тоннаға жетеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу арқылы жарық алуға қатысты құқықтық сұрақтар мәжілісте қаралды. Бірақ оның бәрі еуропалық стандарт негізінде іске асырылуы тиіс. Сол үшін қоқыс өңдейтін компаниялар аукциондық әдіспен таңдалады.

Бұдан бөлек шекарашыларға құқық бұзушылықтың жолын кесу кезінде тапқан «олжаларын» жергілікті билік органдарына тапсырту көзделген. Яғни оларға жануар, балық, өсімдік немесе браконьерлік құралдарды есепке алу, сақтау одан әрі пайдалану құзыреті берілген. Қос заң жобасына да депутаттар бастамашы болды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу