Басты Жаңалықтар 25 жыл бойы абақтыда еңбек еткен дәрігер

25 жыл бойы абақтыда еңбек еткен дәрігер

Павлодарлық Гүлсуяр Гимадиева бүкіл еңбек жолын жазасын өтеп жатқан қылмыскерлерді емдеуге арнаған. Зейнет жасынан асса да, білікті дәрігер әлі күнге дейін еңбек етеді. Ал, короновирустың таралуына қарсы қолданған оның іс тәжірибесінің арқасында түзеу мекемесінде бір де бір індет ошағы тіркелмеген.   

Бұл АП-162/3 түзеу мекемесінің медициналық лазареті. Күніне үш мәрте дезинфекция жасалады. Кәдімгі хлор сілтілік ерітіндісімен. Ал, ауаны табиғи жолмен, яғни желдетіп тазарту таңғы уақытта ғана жүргізіледі. Короновирус тарала бастағалы жедел қабылданған бұл шараларды атқару Гүлсуяр Гимадиеваның жеке бақылауында.

Індет таралып жатқан қазіргі қысылтаң гақта дәрігердің медициналық қызметінен бөлек, күнделікті өмірде де қажыр-қайрат пен іскерлік қабілет танытуы өте маңызды дейді ардагер маман.

Жазасын өтеп жатқандармен жұмыс істеу екі есе жауапкершілікті талап етеді. Бастапқыда жүрексініп, кейін үйреніп кетесің . Бұл түзеу мекемесі қызметкерлеріне тән құбылыс. Оларға жалғыз-ақ жеңілдік бар. Еңбек демалысына ерте шығуға болады. Бірақ бұндағы мейірбиеке, дәрігерлер жылдар бойы осы жерде жұмыс істеп келеді.

Болат АМАНБАЕВ



Бөлісу