Бас инфекционист дәрігер аурумен күресудің тәслдерін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас инфекционист дәрігер аурумен күресудің тәслдерін айтты

17.06.2020

Covid-19 вирусынан тезірек жазылу үшін уақытылы ұйықтап-тұру керек. Ем-домның үштен бірі соған байланысты. Еліміздің жетекші инфекционисті Динагүл Баешова осылай дейді. Ол онлайн сұқбат барысында аурумен күресудің тәсілдері жайлы айтты. Баешова температура көтеріліп, Covid-19 белгілері байқала бастаса, бірден жедел жәрдемге хабарласудың қажеті жоқ дейді. Егер де дене қызуы 38 градустан жоғары болса, парацетамол қабылдауға кеңес берді. Көбірек су ішіп, құнарлы тамақтану қажет. Бір-екі күн өз-өзін бақылаған жөн екенін айтады. Алайда, міндетті түрде телефон арқылы дәрігерге хабарласып, кеңесіп отыру керектігін айтады. 

Хабарламаларға жазылу