Тұтас шағын аудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымнан мақұрым қалған. Бұл аумақта құрылыс осыдан 13 жыл бұрын басталған. Баспанасы жоқ, пәтер кезегінде тұрған адамдарға өз қаржысына үй салуға мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 сотық жер телімі тегін берілді. Баспана соғып алған жұрт бұнда жазда ғана тұрып жатыр. Себебі, қыста жол болмайды. Қоғамдық көлік қатынамайды.
Еске сала кетейік, Ұлттық арна жаңалықтарында дәл осы аумақта салынып жатқан коттедждер қалашығының бәрі көмірмен жылытылатындықтан, әуеге көтерілетін ұшақтарға түтіннің бөгет болатыны жайлы материал берілген болатын. Қызығы сол, жергілікті билік енді бюджеттің миллиондаған қаржысына салынған екі қабатты еңселі үйлерде тұратын адам таппай отыр. Бастапқыда екі пәтерлік 55 котедж салу жоспарланса, қазір соның 18-і дайын.
Болат АМАНБАЙ