Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Негізі ол Душанбеде өтуі керек болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты күн тәртібіндегі мәселелер бейнеконференция режимінде талқыланды. Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның Парламент спикерлері мен Сербия мен Ауғанстан елдерінен бақылаушылар қатысты. Талқыланған негізгі мәселе Парламенттік Ассамблеяның 2021–2025 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасының жобасы. Отырыста сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Модельдік заңнаманы әзірлеу кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұстанымдары мен мақсаттарын және оның Жарғысын басшылыққа алып, ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын ескеру қажет екенін айтты.
Досжан МАРАТҰЛЫ