Мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсынған әлеуметтік жобалары қолдау таппай отыр
Тараздық мүмкіндігі шектеулі жан Ерлан Сейдәзімнің әлеуметтік жобалары қолдау таппай отыр. Ол компьютер жөндеу орталығын ашамын деп 6 айдан бері жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырған. Басқа амалы қалмаған жас маман Ұлттық арнаға хабарласты.
Ерлан Сейдәзім Тараз қаласының тұрғыны. Бір жыл бұрын жеке қоғамдық бірлестігін ашып, компьютер жөндеу орталығын ашуға бел буған. Өйткені ерекше жандардың көпшілігі үйде отырып онлайн сабақ оқиды. Техникалық ақаулардың кесірінен көпшілігі бағдарламадан қалып қойып жатады. Осы олқылықтың орын толтыру үшін құжаттарын құнттап облыстық және қалалық әкімдіктің жауапты мамандарына жүгінген. Алайда, талай есікті қаққан азаматтың әлеуметтік жобасы әлі күнге қолдау таппай келеді.
Арнамыздың араласуынан кейін әкімдікке шақырылған азамат пен жауапты мамандар өзара келісімге келді. Қоғамдық бірлестік жетекшісі жоспардағы жобасын толық аяқтап екі жұмада қайта ұсынуға міндеттелді. Ал әкімдік өкілдері әлеуметтік жобаны қаржыландыру тетіктерін қарастырып, жұмысты бастаймыз деп уәді берді. Оқиғаның қалай өрбитіні біздің де бақылауызда болмақ.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы