Ал университеттен түлеп ұшқан жастар, керісінше, қиындыққа тап болды. Еуразия Ұлттық университеті оқуды енді тәмамдаған студенттерден жұмысқа орналасқаны жөнінде анықтама талап етіп жатыр. Әйтпегенде студенттерге диплом бермейміз деген шарт қойыпты. Ал түлектер бұл құжатты қайдан аларын білмей дал.
Студенттердің көбі мұны университеттің рейтингін көтеру үшін жасалып отырған көзбояушылық екенін айтады. Яғни оқу орны аккредитациядан өткен кезде дәл осы көрсеткіш ескеріледі. Алайда, білім ордасының өкілдері студенттер қате ақпарат алғанын айтып отыр. Мұндай анықтама тек мұғалім мамандығын бітіргендерден ғана сұралады екен.
Сондай мониторингтің нәтижесі бойынша, аталмыш оқу орнының 77 пайыз түлегі былтыр жұмысқа орналасыпты. Ал жылына Еруазия Ұлттық университетінен шамамен 5 мың студент түлеп шығады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ