Армениядан көлік әкелгендер қиындыққа тап болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армениядан көлік әкелгендер қиындыққа тап болуы мүмкін

12.06.2020

Бұл әсіресе, шетел көліктерін 1 ақпаннан кейін жеткізгендерге қатысты. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салықтық міндеттемелер бойынша мәселе туындайтынын ескертті. 1 ақпанға дейін әкелінген көліктер үшін шешім бар. Олар уақытша есепке тұрып, сары нөмір алады да көлік салығын төлеп жүре береді. Ал одан кейін жеткізілген автомобиль иелері кедендік баж салығын, кәдеге жарату алымын, басқа да төлемдерді толық төлеуге міндетті. Заңнама талабы осы.

Сондай ақ мемлекет меншігіндегі 863 ұйым жекешелендіріледі. Министр бұл туралы халыққа онлайн есеп беру кезінде айтты. Осылайша, экономикадағы мемлекеттің үлесін 15 пайызға дейін қысқартуға болады. Ал оңтайландыру жұмыстарының нәтижесінде министрліктегі штат 1815 бірлікке қысқарған. Қазір қызметкерлер саны – 18 мыңға жуық.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу