Советтік заманда қазақ мүддесін күйттеген «Ақ жол» газетіне биыл 100 жыл толады. Соған орай, алаш белсенділері жазған басылымдағы мақалалар жинақталып, аударылып, 25 томдық жинақ болып жарық көрді. Осы істің басы-қасында жүрген тұлғалар советтік саяси науқанның құрбандарын ақтап алуға қатысты ойларын да ортаға салды.
Ғалымдардың айтуынша, саси-қуғын сүргін құрбандарын ақтап алу жұмысын аптықпай, абайлап атқару керек. Себебі сол зұлмат заманда бірін-бірі ұстап оқиғалар аз емес. Яғни құпия құжаттарды ақтармас бұрын әуелі қоғамға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Қасіретті заманның қанды оқиғаларын Алаш арыстары соңғы демі шыққанша жазды және ол бүгінгі ұрпақтың қолына жетті. Лениндік, Сталиндік режимнің кесірінен өлкен әрбір қазақты ақтап алуға ауадай қажет дәлелдің бірі осы. 20 жылдары жарық көрген «Ақ жол» газетіндегі мақалалар аударылып, 25 томдық жинақ болып оқырманға жол тартты. Алдағы уақытта, Ұлттық мұрағаттан бастап, аймақтардағы құжат құнтталған қордың бәрі қотарылып ауқымды жұмыс басталмақ.
Ербол МӘНДІБЕК