«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының бұрынғы басшылары жемқорлық күдігіне ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының бұрынғы басшылары жемқорлық күдігіне ілінді

11.06.2020

Осы жемқорлық бойынша күдікке «Қазақстан Ғарыш Сапарының» экс- президенті мен Ұлттық ғарыш агенттігінің бұрынғы төрағасы ілігіп отыр. Олар қызметін асыра пайдаланып, 2009 жылы Француздық «EADSAstrium» компаниясымен 260 млн еуроға заңсыз келісім жасасқан. Француздар осы қаражатқа екі жер серігін жеткізген, алайда келісімнің қаржылық-экономикалық негізі жоқ болып шықты. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Сондай-ақ ұйымның тағы бір экс-президенті, 1,6 миллиард теңгені «Астана Банкіне» негізсіз салған деген күдік бар. Ал банк дефолтқа ұшырап, қаражат қайтпай қалған. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері аталмыш тұлғалардың үйіне тінту жүргізіп, маңызды құжаттар мен ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттарын тәркіледі. Тергеу жалғасып жатыр.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу