Новоселов ауылы тұрғындары үйілген қоқыстың зардабын тартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Новоселов ауылы тұрғындары үйілген қоқыстың зардабын тартуда

10.06.2020

Қостанай облысындағы Новоселов ауылы тау болып үйілген қоқыс пен мал тезегінің зардабын тартып отыр. Бұдан бөлек, жаңбыр жауса, елді мекеннің көшелерінде батпақтан аяқ алып жүру мүмкін емес. Суға да жарымай отыр.

Новоселов құрамына кіретін Заречный округінің әкімі көшеге көтерме жол салу туралы 2021 жылға бюджеттік тапсырыс берілгенін айтады. Ал су құбырын жаңалау туралы айтуға әлі ерте. Себебі ауыз су алдымен аудандағы тірек ауылдарға беріледі. Жуық арада шешімін табатын қоқыс мәселесі ғана. Әкім тамызға дейін тау боп үйілген тезектің түгін қалдырмай тазалайтынын айтып отыр. Қаржы бюджеттен бөлінеді.

Қоқыстан тазарғанымен қордаланған мәселелердің қашан түбегейлі шешілері беймәлім. Осылайша, шағын ауыл - қалаға жақын болғанымен өркениет жетістігінен қашықта қалып тұр.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу