Елімізде 9 мың заңсыз қоқыс алаңы анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 9 мың заңсыз қоқыс алаңы анықталған

10.06.2020

Заңсыз балық аулаудан ел бюджеті шамамен 40 миллиард теңгеден қағылып отыр. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі айтты.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы балық өндірудің жылдық көлемінен 5 есеге артық. Сондықтан балық аулау процесін түгел цифрландыру қажет. Сондай-ақ министр су ресурстарын тиімді пайдаланудың өзекті мәселелерін де тоқталды.

Елде заңсыз қоқыс полигондары да көбейген. Мәселен, былтыр осындай 9 мың қоқыс алаңы анықталған. Әзірге олардың 30 пайызы ғана жойылды. Сондай-ақ министр соңғы аптада жануарларға қарсы жасалған түрлі қатыгез әрекеттерден кейін жануарларды қорғайтын арнайы заң қабылдау жоспарланып жатқанын хабарлады. Ал Ұлттық парктердің айналасындағы дауға қатысты арнайы кеңес құрылады.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу