Ақкөл ауылы карантинге жабылды
Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылы 18 маусымға дейін карантинге жабылды. Эпидахуалдың ушығуына байланысты көлік қатынасы тоқтады. Ауылдағы темір жол бекетінде де шектеу шаралары күшейтілді. Стансаға келіп тоқтаған пойыз вагондарының есігін ашуға және жолдаушыларға түсуге қатаң түрде тыйым салынды. 5 мыңға жуық халқы бар елді мекенде 24 адам коронавирусқа шалдыққан. Сонымен қатар, елді мекеннің 72 жастағы тұрғыны қауіпті инфекциядан қайтыс болды. Бүгінде орталықтан барған арнайы комиссия Ақкөлде жұмыс істеп жатыр.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыУкраинаға қатысты жаңа келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін
13.11.2026, 10:05
Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты
13.11.2026, 10:05
7 жылда 1200-ден астам медицина нысаны салынған
13.11.2026, 10:04
Емханалардағы өзекті мәселелер халықаралық конгресте талқыланды
13.11.2026, 10:02
Бала дамуындағы ауытқуларды ерте анықтайтын 440 орталық ашылды
13.11.2026, 10:01
2027 жылдың соңында LRT Қосшыға дейін жүреді
13.11.2026, 10:00