Басты Жаңалықтар Төтенше жағдай кезінде сатылған билет құнын әуе компаниялары қайтара ала ма?

Төтенше жағдай кезінде сатылған билет құнын әуе компаниялары қайтара ала ма?

Төтенше жағдай кезінде сатылған билет құнын әуе компаниялары толық қайтаруға міндетті. Бірақ бұл талап әлі күнге дейін орындалмай келеді. Билеті күйіп кетіп, шығынға ұшыраған жолаушылар 3 айдан бері ақшаларын қайтара алмай жүр.

Көп адам билетті Aviata, Tickets.kz сияқты қосымшалар арқылы алған. Ал Aviata - делдал. Сондықтан оған әуекомпаниясы ақша аудармайынша, билеттің құнын олар кері үлестіре алмайды. Пандемияға байланысты компанияның жұртқа берешегі 6-7 миллиард теңгеге жеткен. Біртіндеп қайтарып жатырмыз дейді.

Кейбір турагенттіктер шетелдік офистер арқылы билет сатады. Қиындық осыдан да туындады. Кейбір мәселелер сондықтан тек сот арқылы шешіледі. Жалпы төтенше жағдай кезінде 99 бағыт бойынша 450-ден астам қатынас тоқтаған. Қазақстан ғана емес өзге елдердің әуекомпаниялары да шығанға белшеден батты. Мамандар одан оңалу оңай шаруа емес екенін айтады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Бөлісу