Ұлттық арна 6 баласы бар Арыс тұрғынының мәселесін шешіп берді
Ұлттық арнаның арқасында Арыс тұрғынының мәселесі шешілді. Құрылыс компаниясы жарылыстан зардап шеккен үйдің кем-кетігін түзеуге 4 жарым миллион теңге беретін болды. Айта кетейік, өткен жұмада 11 адамы бар отбасының жаңадан салынған үйге қоныстана алмай, қиналып жүргенін айтқанбыз. Себебі құрылыс шала-шарпы істелген. Қабырғасы қисық, төбесі көгерген. Жылуы, суы, есіктері болмаған соң, Берік Қарабаев әке-шешесімен қыс бойы көлік тіркемесінде тұрған. Ал алты баласы мен әйелі төркінінде тентіреп жүрген. Бір жыл бойы пұшайман күй кешкен отбасы жайлы репортаж эфирден шыққан соң, мердігер компания айыбын түсініп, үй қожайынымен өзара келісімге келіпті.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06