Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің бірыңғай электронды валютасын құруға жол берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің бірыңғай электронды валютасын құруға жол берілмейді

19.12.2018

Бұл туралы Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Бұл нақты ұсыныс емес, оны тек Ресейдің Ұлттық төлем одағы талқылап жатыр. Оларда өзге де бірқатар ұсыныстар бар көрінеді, алайда, Ресей жағы оны әзірге ресми жарияламаған. «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы да олар сияқты өз ұсыныстарын жасай алады», - деді министр. Осы орайда, Тимур Сүлейменов Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бірыңғай электронды валютасын құру туралы ұсынысты қолдамайтынын атап көрсетті. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Осы орайда, қандай да бір квази, прокси валюталарға жол бермеуіміз қажет. Біз оны қолдамаймыз. Осыны жеке өзім де ұстанып отырмын. Ұлттық валюта - ол біздің егемендігіміздің символы, яғни, Әнұран, Ту және Елтаңба секілді. Сондықтан, біз оны сақтап, дамытуымыз керек.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу