Ләззат Танысбай: Пандемия кезінде Қазақстанда теледидар көру белсенділігі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ләззат Танысбай: Пандемия кезінде Қазақстанда теледидар көру белсенділігі артты

05.06.2020

Бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралады. Енді өңірлердегі телеарналар мен газет-журналдарға ерекше назар аударылмақ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. Ведомства басшысы саланы дамытудың 2022 жылға дейінгі жоспарымен бөлісті.

Ақпарат саласының тізгінін жуырда ғана ұстаған жаңа министр бүгін саланың белгілі өкілдерімен «онлайн форматта» кездесу өткізді. Оған Елорда мен Алматыдағы танымал журналистер, қаламгерлер қатысып, медиа саласын дамыту туралы ойларын айтты. Ал Аида Балаева, алдымен, төтенше жағдай кезінде тоқтамай жұмыс істеген журналистерге алғыс білдіріп, ақпарат құралдарының экономикалық қиындықтарды еңсеруіне министрлік тарапынан қолдау шаралары әзірленгенін жеткізді.

Жиында журналистердің шеберлігін шыңдаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайына мән беру, баспанамен қамту мәселесі де көтерілді. Ал Аида Балаева саладағы олқылықтарды түзеу үшін осындай пікірталастар алдағы уақытта жиі-жиі өтіп тұратынын айтты.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу