Ақтоғай ауылында төтенше жағдай жарияланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтоғай ауылында төтенше жағдай жарияланған

04.06.2020

Қарағанды облысына қарасты аудан орталығы Ақтоғай ауылында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған. Комиссия дауылдан келген шығындарды есептеп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Кешелі бері үзілген электр сымдарының біразы жалғанды. Бүгін бұл жұмыс бітуі тиіс. Ұялы байланыс та іске қосылды. Ауыз су да бар. Күшті желдің салдарынан әкімшілік ғимараттар, аурухана, мектеп сынды әлеуметтік нысандар және 20-дан астам тұрғын үй шатырсыз қалған болатын. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мәдениет үйінің шатыры қайта жабылған. Қалғаны алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Жұмысқа құрылысшылар мен еріктілер атсалысуда. Қазір 17 адамнан құрылған комиссия жұмыс істеуде. Еске салсақ, 2 күн бұрын дауыл соғып, Ақтоғай ауылында 30-дан астам ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен еді.  

Хабарламаларға жазылу