Басты Жаңалықтар Сот үкім шығару үшін бөлек бөлмеге бармайды

Сот үкім шығару үшін бөлек бөлмеге бармайды

Сенат қазақстандық судьялардың өкілеттігін кеңейтуді көздейтін заңды екі оқылымда да қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Енді судьялардың іске қатысты дәйек-деректерге қол жеткізуге мүмкіндіктері болмақ.

Соттың әділ шешімі судьяларға тікелей байланысты. Қазіргі кодекс бойынша, судьяға талап-арыз аясынан шығуға тыйым салынған. Яғни, тараптар нені талап етсе, тек соны қарап, сол бойынша шешім қабылдайды. Ал өз бетінше басқа мән-жайларды анықтап, өзге дәлелдерді іздеуге еш құқығы жоқ.

Яғни, әділ шешім қабылдау үшін судья дауды жан-жақты, бүге-шігесіне дейін түсініп алуы қажет. Судья процессуалды жағынан еркін болуы тиіс деген сөз.

Сондай-ақ, ендігіәрі сот шешім шығарарда жалғыз өзі кеңсе бөлмесіне кетпейтін болады. Үкімді бірден сол отырыс залында шығарады. Бұл мәселенің көтерілуі - сот жүйесіне қатысып отырған адамдардың күдігі мен наразылығынан туындаған. Ал жаңа өзгеріс – әділдік пен ашықтық мақсатында жасалып отырған шара.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Бөлісу