Шығыс Қазақстанда ұзақ уақыт мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында біреудің малын атып алған ұрылар ұсталды. Олар Аягөз ауданынан Жарма ауданына келе жатып жол бойында жүрген жылқылардың бірін атып өлтірген. Кейін бірден көлігінің жүк салғышына тиеп алып, тайып тұрған.
Бірақ көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түсті. 25 және 42 жастағы ұрылардың көлігінен тіркелмеген мылтық, патрондар, балта және пышақтар табылған. Жарма ауданының 2 тұрғынының Семейдегі және Бесқарағай мен Аягөз ауданының аумағындағы мал ұрлықтарына да қатысы бар екені анықталды. Мал иелеріне келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам. Тергеу жүріп жатыр.
Берік КӨШЕРБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06