Красный яр ауылында қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Көкшетаудың іргесіндегі Красный Яр елді мекенінің жанында қоқыс полигоны кешелі бері жанып жатыр. Қоқыс шығаруға жауапты мекеме мен жергілікті билік өкілдері тілсіз жауды алдымен өздері тоқтатпақ болған. Алайда, қатты жел бой бермей, өрт сөндірушілер көмекке келді. Қазір өрт оқшауланды. От 290 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл жерге Көкшетаудан шыққан қоқыс жиналады. Полигон елдімекенге тым жақын орналасқандықтан түтін тұрғындарға қолайсыздық туғызуда. Ауыл халқы қоқыс алаңын жабуды бірнеше жылдан бері көтеріп келеді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06