Үкімет басшысының қатысуымен «Атамекен» ҰКП-ның кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысының қатысуымен «Атамекен» ҰКП-ның кеңейтілген отырысы өтті

05.12.2018

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын бизнесті қаржыландырудың бірыңғай операторы болуы мүмкін. Ол үшін бағдарламаның қазіргі операторларының бірі Ауыл шаруашылығы министрлігінің рұқсатын алу керек. Бұл туралы бүгін кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында айтылды. Қазір аталған министрлікпен келіссөздер жүргізілуде. Нақты келісімге қол жетсе, жаңа жылдан бастап кәсіпкерлер палатасы 20 миллиард теңге қазына қаржысын «Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлерге үлестірмек. Дегенмен, кейбір өңірлерде бизнеске арналған шағын несие алуға азаматтар құлықсыз. Мысалы, Түркістан облысында несиеге бөлінген қаржы игерілмей, оны Шымкент қаласындағы кәсіпкерлерге берген. Мұны жиынға қатысқан Үкімет басшысы айтты. Аталған мәселенің себебін кәсіпкерлер палатасы тағы бір сүзгіден өткізбек. Кеңейтілген жиында палатаның биылғы жұмысы мен жаңа басымдықтары айтылды. Оның ішінде салықтық саясат пен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту да сөз болды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бәсекелестікке қабілетті нарықтық экономика жасау үшін мемлекеттің үлесін азайту керекпіз. Кезінде «Ақ жол» партиясы мемлекеттік компанияларды жасауға мораторий жариялауды талап еттік. Өкінішке қарай, оған Үкімет барған жоқ.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу