Президент саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

01.06.2020

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтап алу — уақыт талабы. Осы бағытта ізденіп жүрген ғалымдардың еңбегін сараптап, нәтижесін халықаралық ұйымдардың назарына ұсынып, әлемдік қауымдастықтың назарын аудару қажет. Президенттің тікелей тапсырмасымен құрылатын мемлекеттік комиссия діттеген мақсатқа жету жолында жанкештілік көрсетуі тиіс деп санайды сарапшылар.

Ашаршылық құрбандарын ақтау тек тарихшылардың шаруасы емес. Бұл іске белсенділердің барлығы қатысуы керек. Қастандықты айтып қайғырып, өз ішімізде қайнай бермей, жазықсыз құрбан болған қазақтың мүддесін күллі әлемдік қауымдастыққа бүкпесіз жеткізуге тиіспіз.  

Ашаршылық және репрессия құрбандары туралы статистика әлі де нақтылауды қажет етеді. Қазіргі мәліміттер үш миллион деп көрсетілуде. Алайда, қазаққа жасалған озбырлықтың зардабы одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан, жазықсыз жандарды ақтап алу жұмысына олардың балалары да белсенді қатысқаны дұрыс. Ал, мемлекеттік комиссияның құрамына кімдердің енетіні алдағы уақытта белгілі болмақ.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу