Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыздыққа наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыздыққа наразылық білдірді

01.06.2020

Шығыс Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтарға шағымданды. Соңғы бірнеше жылдан бері талай тендерден қағылып, тағаты таусылған бизнес өкілдері бүгін осы мәселе бойынша арнайы брифинг өткізді. Айтуларынша, өңірдің мемлекеттік сатып алу жүйесін жемқорлық жайлаған.

Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік сатып алудың ережесіне ішінара өзгеріс енгізілді. Яғни пандемия тұсында тендерге тек нақты жұмыс атқарылатын жерде тіркелген компаниялар қатысуы шарт. Кәсіпкерлердің пікірінше, үкімет қабылдаған бұл шешімді жергілікті атқарушы билік өкілдері өз ыңғайына қарай икемдеп отыр. Ақыры күні кеше құрылған компаниялардың байқауда аты озып шыға келгенін айтады олар.

Ал брифингке қатысқан мемлекеттік орган өкілдері даулы мәселе сотта қаралуы керек деген пікір білдірді.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Ал шағым айтқан 10-ға жуық кәсіпкер түйіні тарқамаған мәселеге жоғары билік назар аударса деп отыр.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу