Ақтөбеде өндіріс орнында жарақаттанған 2 жұмысшы ауыр халде жатыр
Ақтөбеде өндіріс орнында жарақат алған екі жұмысшы ауыр халде жатыр. Дәрігерлер олардың бірінің денесінің 35, ал екіншісінің 60 пайызын күйік шалғанын айтады. Қаза тапқан төрт жұмысшының отбасына кәсіпорын тарапынан 500 мың теңгеден өтемақы төленеді. Жарақат алғандар да назардан тыс қалмайды.
Еске салайық, кеше Ақтөбе хром қосындылары зауытында төтенше жағдай орын алып, 6 адам зардап шеккен еді. Жұмысшылар цехтағы 50 текше метрлік бөшкені тазалап жатқанда, қатты қысыммен ыстық бу атқылады деген мәлімет бар. Төртеуі сол жерде тіл тартпай кетті. Кәсіпорын басшылығы олардың қауіпсіздік талаптарын сақтағанына сенімді. Апаттың нақты себебін арнайы комиссия анықтайды.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06