Блок бекеттер алынады, кинотеатрлар ашылады. Жалпы, 1-ші маусымнан бастап карантиндік шектеулер біршама жеңілдейді. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында шектеу шараларын босаңсыту мәселелері талқыланды.
Дүйсенбіден бастап блок бекеттер алынады. Бірақ барлығы емес. Облыс аралық қатынас қана жанданады. Бұл халықтың ұсынысы болатын. Ведомствоаралық комиссия құптады. Тек өңірлердегі еркін қозғалысқа рұқсат беру жергілікті жердегі құзырлы органдардың ұйғарымына қалды.
Әуе компаниялары маусымның бірінде Қытай, Оңтүстік Корея, Әзербайжанға ұшуға рұқсат сұрап отыр. Сосын бірте-бірте басқа бағыттарды да жандандырмақ. Комиссия мәселені кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.
Шектеу шаралары жеңілдесе де әр адамға жауапкершілік жүктеулі. Яғни карантиннен қажыған ағайынның, одан тез арылуы да өзіне байланысты.
Нысаналы ЫҒЫЛ