Президент жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

29.05.2020

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Биыл пайдалануға берілген күн электр станциясындағы «жасыл энергияны» дамыту жайымен танысты. Станция инновациялық технология негізінде ерекше әдіспен салынған. Жобаны жүзеге асыруға 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылған. Мұнда жылына 148 миллион киловат сағат энергия өндіріледі. Президент жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын айта келе, станция ұжымына табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, «Ең-Дала» серіктестігінің егіс алқабында болды. Өңірдің агроөнеркәсіп кешені, егін және мал шаруашылығын дамыту жоспарларымен танысты. Мемлекет тарапынан аграрлық саланы дамытуға ерекше қолдау бар, сондай-ақ ауылшаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану қазір өте маңызды.  

Мемлекет басшысы сондай ақ керамикалық тас пен кірпіш өндіретін зауытқа барды. Кәсіпорын тың технологиямен жұмыс істейді. Сапалы өнім-сапалы құрылыстың кепілі. Жалпы аймақта құрылыс индустриясы жақсы дамыған. Жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қарқыны жоғары. Облыс әкімі Президентке жұмыспен қамту жол картасының орындалу барысы туралы да баяндады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу