1-маусымнан елімізде пойыздар жүре бастайды. 15-мамырдан бері 270 мыңдай билет сатылған. Пандемияның қаупіне байланысты қазір вокзалдар мен пойыздарда санитарлық талап күшейе түсті. Осы орайда Жолаушылар нені ескеру керек?
Билетсіз жолаушы вокзалға кірмейді. Енді сатып алатындарға ғимараттың басқа жағынан кіруге жағдай жасалған. Ал пойыз күткен жолаушы 1 метр қашықтықты сақтап, адамдардан алшақ отыру керек. Вокзалда дәріханадан өзге дүңгіршектер жұмыс істемейді. Жүгі ауыр жолаушыларға арнайы мамандар көмектеседі.
Ұзақ сапарға шығатын жолаушлыар екі сағат сайын бетпердені ауыстырып отыру шарт. Әзірге пойыз 37 бағытқа жүреді.
270 мың билеттің 140 мыңдайы онлайн сатылған. Вокзал мамандары билетті мейлінше үйде отырып, электронды форматта алуды ұсынады. Ол үшін BILET.RAILWAYS.KZ немесе «ҚТЖ билеттері» қосымшасы арқылы сатып алуға болады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ