Қарағанды облысында бір күнде 49 адам вирусқа шалдықты. Сөйтіп, қауіпті індеттің тәуліктің өсімі 7 пайызды құрады. Ал Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінен инфекция жұқтырғандар саны 850-ге жетті.
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 49 адамның 32-сі кеншілер қаласынан. Науқастардың жағдайы қалыпты. Індет ошақтары дезинфекцияланды. Бүгінде облыста қауіпті инфекцияға 750-ден астам адам шалдықты. Үшеуі қайтыс болды.
Атырауда бүгін тағы да Теңіз кенішінің 15 жұмысшысы коронавирусқа шалдықты. Облыста індет құрығына іліккен 950-ден астам адамның 850-і Теңізден шығып отыр.
Ақмола облысында эпидемиологиялық ахуал қалыпты болса, маусымның 15-інен жазғы лагерлер жұмыс істей бастайды. Ал жағдай қиындаса, білім басқармасы жазғы демалысты онлайн режимінде ұйымдастыруға дайын.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ