Енді барлық шаруаңызды құжатсыз-ақ тындыруға болады. Тек телефонда электронды нұсқасы болса жеткілікті. Заң жобасы сенатта қаралып жатыр. Егер мақұлданса онда Қазақстанда көп құжаттың орнын бір смартфон алмастырмақ.
Демек бұрынғыдай қаптаған құжатты қалтада сақтап жүретін күн келмеске кетеді. Қазірдің өзінде ХҚКО-нда пилоттық жоба ретінде қолданылып жатыр. Мобильді қосымшасы барларға жеке куәліксіз қызмет көрсетілуде.
Цифрлық технологияға қатысты осы жаңа заң жобасы мәжілісте мақұлданып, сенатқа жолданды. Құжат күшіне енсе, онда онлайн қызмет түрлері 1 айдан кейін іске қосылады деп отыр мамандар. Ал сала министрі Асқар Жұмағалиев бүгін әлеуметтік желіде құжаттардың тағы бірқатарын мобильдік қосымшаға енгізу үшін келіссөздер басталғанын мәлімдеді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ