Тек мұнайдан түсетін табысқа тәуелділіктен арылған дұрыс - Юха Кяхконен
Кавказ және Орталық Азияның биылғы экономикалық өсімі 4 % төңірегінде. Көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда біраз төмендеген. Бұл туралы Астанада өткен жиында Халықаралық валюта қорының мамандары мәлімдеді. Оған әсер еткен негізгі фактор - мұнай бағасының былтырғы жылмен салысытырғанда өсуі. Елімізде мұнай өндірісі артты, ал, әлемде 2017 жылдың екінші жартысында энергетикалық шикізат бағасы айтарлықтай жоғарылады. Ал, жеке Қазақстанды алатын болсақ, биыл темір және ауыл шаруашылығы өнімінен жақсы пайда түсіпті. Сарапшылар талдауына қарағанда, өсім алдағы жылы да осы деңгейде сақталады.
Юха Кяхконен, Халықаралық қаржы қоры департамент директорының орынбасары:
- Тек мұнай сияқты шикізаттан түсетін табысқа тәуелділіктен барынша арылған дұрыс. Бұл бойынша Қазақстанның өз жоспары бар. Ол мемлекеттік қызметті жетілдіріп, инфрақұрылымды дамыту. Осы істер арқылы экономика әртараптанып, көрсеткіштер біртіндеп жақсарады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы