Қарағанды облысында дәмханалар мен мейрамханалар 29 мамырда ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында дәмханалар мен мейрамханалар 29 мамырда ашылады

26.05.2020

Қарағанды облысында жағдай қалыпты болса, 29 мамырда дәмханалар мен мейрамханалар ашылады. 30 адамға дейінгі сыйымдылығы бар жазғы террасалар мен қонақ үйлер де іске кіріседі. Ал балабақшалардағы кезекші топтар 1 маусымнан жұмыс істейді. Сауда-ойын-сауық орталықтары да ашылуы тиіс деді халыққа онлайн есеп берген облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Өңір басшысы, тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауының кесірінен эпидахуалдың ушыққанын айтты. Жағдайдың алдын-алмай, уақытты өткізіп алғаны үшін Теміртау қаласының және Бұқар жырау ауданының әкімдеріне сөгіс берілді. Облыста індеттің тәуліктік өршуі 7 проценттен асып, науқастар саны 662-ге жеткен. Бір ғана «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Нұрқазған» кенішінде 300-ден астам адам вирус жұқтырған. Соның 163-і кеніштің өзінде жұмыс істейді. Қалғаны олармен байланыста болғандар. Кәсіпорын енді вахталық жұмыс ауысымына көшпек.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу