Малайзия Қазақстанға экспорт көлемін арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия Қазақстанға экспорт көлемін арттырмақ

05.11.2018

Алматыда Қазақстан және Малайзия бизнесмендері өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бүгінгі кездесуге Малайзияның түрлі салаларынан 12 компанияның өкілдері келді. «Малайзия Қазақстанға экспортталатын тауар көлемін ұлғайтуды көздеп отыр», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетсек, 30 қазанда Алматыда Қазақстан-Малайзия бизнес-форумы ашылады. Аталған шараны Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесі ұйымдастырады.

Мұхаммад Мұстафа Абдул Азиз, «Matrade» экспорт және халықаралық сауда бөлімінің аға директоры:

- Қазір Малайзия мен Қазақстан арасында тауар айналымы артып келеді. Мәселен, 2017 жылы тауар айналымы 60 пайызға артып, 80 миллион АҚШ долларына жетті. Екі ел бизнес, туризм, ислам қаржыландыру, білім және цифрлық технологиялар саласында әріптестік орнатып келеді.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу