Саунада сауық құрған Шардара әкімі сөгіс алды
Төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрған Түркістан облысы Шардара ауданының әкіміне сөгіс жарияланды. Шенеуніктің тәртібін қараған облыстық әдеп кеңесі осындай шешім шығарды.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әкімнің бірнеше лауазымды тұлғалармен бірге моншаға түскен видеосы тараған еді. Ең қызығы, олар саунаға қызметтік көлікпен барыпты. Өзі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін жергілікті комиссияның төрағасы бола тұра, осындай әрекетке барған Қайрат Жолдыбайға әдеп кеңесі сөгіс жариялады.
Гүлжазира Ғалиқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкент оқушылары табиғат қорғаудың тың тәсілін ұсынды
30.09.2026, 17:38
Ыстанбұлда көлік кептелісі барған сайын күшейіп барады
30.09.2026, 17:38
Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі
30.09.2026, 17:38
Ресейде банкке қарыз қарашаның қарасы көбейді
30.09.2026, 17:37
Еуропаның автоөндірушілері тығырыққа тірелді
30.09.2026, 17:35
«Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітабы шықты
30.09.2026, 17:33
Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды
30.09.2026, 17:30
Семейде робот-ит полицейге көмектеседі
30.09.2026, 17:27