Алматыда Қазақстан-Малайзия бизнес форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақстан-Малайзия бизнес форумы басталды

31.10.2018

Соңғы екі жылда Малайзия Қазақстан экономикасына 16 млн. 600 мың АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция салған. Ол қаржы негізінен мұнай-газ, құрылыс және инфрақұрылым салаларына тартылған. Бұл жөнінде Алматыда басталған Қазақстан-Малайзия бизнес форумында айтылды.

Ауқымды жиынға екі елдің 150-ден астам ресми тұлғасы мен кәсіпкерлері қатысып жатыр. Олар өзара ынтымақтастықты арттырып, Малайзия нарығында қазақстандық бизнестің өрісін кеңейту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылап жатыр. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы біршама артып, өзара сауда көлемі 48%-ға, яғни, 38 млн. 9 мың АҚШ долларына өскен. Енді бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, өзара алыс-берісті арттыру жағы қарастырылып жатыр. Осы орайда, аталмыш бизнес-форумда отандық кәсіпорындар мен Малайзия компаниялары арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды.

Алмас Түбеков, Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесінің мүшесі:

- Бастамамыз осы. Екі жылда бір, жыл ара осындай форумдар өткізіп тұрсақ өте бір жақсы жұмыс болады деп ойлаймын.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу