Батыс Қазақстанда инвесторлар жаңа жобаларға қаржы құйды. 30 млрд. теңге ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытуға бағытталады. Атап айтқанда, өңірде бірнеше мал бордақылау алаңы, ет комбинаты салынады. Мәселен, бір кездері Кремльге тайыншаның етін тасыған, қазір тұралап тұрған «Кроун Батыс» кәсіпорны қайта жанданады. Оның базасында ет комбинаты ашылып, дайын өнім Қытайға экспортталады. Бұдан басқа, ірі жылыжай кешені салынып, орталық саябақта биіктігі 45 метр болатын шолу дөңгелегі, жаңа аттракциондар орнатылады.
Алтай Көлгінов, облыс әкімі:
- 6 жоба 30 млрд-тан астам қаражаттың нақты жобасы. «Қазақ Инвест» компаниясымен бірге қолдау көрсететін боламыз. Келетін құрал-жабдыққа кедендік баж салынбайды. 10 жылға салықтардан босатылады. Мысалы, мүлік салығы, жер салығы. Сонда ол үлкен қолдау болады. Сондай-ақ, инвестициясының 25 пайызын қайтарып береді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.