Қазақстан бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 59-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 59-орында

19.10.2018

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Колумбия, Түркия, Бруней, Перу елдерінің алдына шығып кетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі хабарлады. Жыл сайын жарияланатын рейтинг әлемнің бірқатар елін еңбек, бизнес, нарық, денсаулық, білім, инфрақұрылым, қаржылық жүйе, инновация сынды салалар бойынша бағалайды.  Оған сәйкес, көш басында жылдағыдай АҚШ, Сингапур, Германия және Швейцария тұр. Ал, ТМД елдері арасында Ресей алда келеді. Қазақстанды Дүниежүзілік экономикалық форум 61,8 балға бағалаған екен. Оның ішінде еліміз «Еңбек нарығы» бойынша 30-шы, ал «Бизнестің қарқындылығы» бойынша 37-ші орынға ие болған. Ұлттық экономика министрі биылғы Елбасының Жолдауы алдағы уақытта бұл рейтингте жақсы көрсеткішке жетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

 Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Дүниежүзілік экономикалық форум 2018-2019 жылдарға арналған жыл сайынғы рейтингісін ресми түрде жариялады. Рейтинг есебіне сәйкес, 140 елдің ішінде Қазақстан 59-шы орын алып отыр.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу