Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыс одан әрі беки түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыс одан әрі беки түспек

08.10.2018

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық одан әрі беки түседі. Әріптестікті дамытуға қос тарап та ниет білдіріп отыр. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер ведомствосының басшысы мен Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі министрінің кездесуінде айтылды. Қазақ-британ үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Холлинбери еліміз бен елорданың қарыштап дамуына жоғары баға берді. Ал, Қайрат Әбдірахманов Елбасы Жолдауындағы міндетке сай, Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеруге жіті мән берілетінін айтып, Британиямен цифрландыру, инфрақұрылымдық жобалар, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенімізді білдірді. Айта өтейік, өткен жылы тараптар арасындағы сауда айналымы 2 процентке өсіп, 1 млрд. 300 млн. АҚШ долларына жеткен. Бүгінде елімізде 400-ге жуық британдық компания жұмыс істейді. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу