Атырауда салық заңнамасын бұзғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда салық заңнамасын бұзғандар анықталды

02.10.2018

Атырауда салық заңнамасын бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды. Кейбір мекемелер банктің шығыс операцияларын тоқтату туралы шешімдерін кеш қабылдаған, сондай-ақ, мүлік тізімдерін жасамаған. Олар өздерін тақырға отырдық деп көрсетіп, салық төлеуден жалтарып келген. Облыстық прокуратураның жүйелі тексерісінің нәтижесінде 363 млн. теңге салық төлемдері өндірілді. Оның 163 млн. теңгесі – мемлекет алдында қарызы барлардың берешегі болса,  200 миллионы - мүлік салықтары. 

Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:

- Салық берешектерін өндіру және олардың уақытылы түсуін қамтамасыз етпеген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 2 құжат облыс прокуратурасының арыздарды есепке алу кітабына, төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу фактісімен тіркелді.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу