Жаңа салық режимі түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа салық режимі түсіндірілді

20.09.2018

Көпшілік өзгерістер енгізілген салық кодексінің нормаларын орындауға асығар емес. Жыл басынан бері не бәрі 34 салық төлеуші ғана жаңа салық режиміне көшкен. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйеде біршама жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, патент негізіндегі салық мөлшерлемесі 2-ден 1 пайызға төмендетілді. Ал, қолма-қол есеп айырысатындар үшін сол 2 пайыз сақталады. Тағы бір толықтыру – оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі. Бұл бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін табыс мөлшері мен жұмысшы санына қатысты шарттар бірдей болып бекітілді.

Дархан Бисенәлиев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас маманы:

- Жаңа салық режиміндегі негізгі жеңілдік 30 пайыз көлеміндегі қосымша тіркелген шегерілім, яғни, жиынтық табыстың 30 пайыз шегінде. Мысалы, табысы жүз теңге болса, оның 30 пайызын ешқандай дәлелсіз шығысқа апаруына болады. Бұл жердегі тағы бір шарт осы 30 пайыздық қосымша тіркелген шегерімді шығысқа апарған кезде, жалпы жиынтық табыстың 70 пайызынан аспауы керек.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу