Тимур Сүлейменов экономикалық өсудің жаңа моделімен таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Сүлейменов экономикалық өсудің жаңа моделімен таныстырды

07.09.2018

Еліміздің экономикалық  өсуі жеті басым бағытпен дамитын болады.  Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа жүйенің жұмысымен таныстырды.

Министрдің айтуынша, сыртқы экономикалық қатерлерге қарамастан, Қазақстан әлемнің неғұрлым дамыған мемлекеттерінің 30-дығына ену бағдарын жалғастырады. Бұл үшін 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қабылдау арқылы жаңа экономикалық даму үлгісіне өту керек. Бұл орайда осы саладағы негізі 7 жүйелі өзгеріс пен 7 басым саясаттың берері мол. Жеті басым бағыт  - халықтың жоғары өмір сүру сапасын көтеру, макроэкономиканы қамтамасыз ету, экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін  арттыру, қаржылық сала мен «жасыл» экономиканы дамыту, инвестиция тарту секілді ірі жобалардан тұрады. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу