Қазақстанның басым бөлігінде су басу қауіпі сейілді. Қазіргі уақытта, еріген судың кедергісіз жылжуы үшін өзендердегі сірескен сеңдер жарылуда.
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин республикадағы ахуал бойынша ақпарат берді. Айтуынша, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарында табиғи апаттың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Әсіресе, бұған дейін су басқан аймақтар айрықша назарда екенін жеткізді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің орталық және Солтүстік аумағында әлі де болса жауын-шашын болады. Сондықтан су тасқыны қауіпті жерлерде халықты эвакуацяилауға 1700-ден астам қабылдау пункті құрылған. Көктемгі тасқынның алдын алу және құтқару жұмыстарына 9 мыңнан астам маман жұмылдырылған.
Ербол МӘНДІБЕК