Коронавирус ошағы саналатын Ухан қаласы ашылды
Қытай билігі коронавирус ошағы саналатын Ухан қаласын ашты. Бұл қала қаңтар айынан бері оқшаулау режимінде болған еді.
Карантин кезінде қаладағы барлық оқу орны жабылып, қоғамдық көлік тоқтатылды. Қаладан кіріп-шығуға шектеу қойылған болатын.
8 сәуірден бастап билік Уханға қатынайтын барлық тасжолды ашты. Сондай-ақ ертең 11 аптаға созылған карантин режимі алынатынын мәлімдеді.
Хубэй провинциясының орталығында теміржол қатынасы реттелді. Жақын арада әуе қатынасы қайта қалпына келмек.
Айта кетейік, 7 сәуірде мұнда ешкімнен коронавирус анықталмаған. Соңғы тәулікте Қытайда 32 вирус жұқтыру дерегі тіркелді. Олардың көбі шетелден келгендерден анықталған.
rbc.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен жастары этносаябақты тазалады
17.06.2026, 17:39
Астана айналасынан жүздей заңсыз қоқыс алаңы анықталды
17.06.2026, 17:37
Мәскеудегі Б.Момышұлы мұражайы көркейе түседі
17.06.2026, 17:35
Семейде «Қарамола ережесі» кітабы жарық көрді
17.06.2026, 17:33
Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі
17.06.2026, 17:30
«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды
17.06.2026, 17:29
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды
17.06.2026, 17:27
Алматыда «Quantum AI» зертханасы ашылды
17.06.2026, 17:24