Басты Жаңалықтар Алматыда «Quantum AI» зертханасы ашылды

Алматыда «Quantum AI» зертханасы ашылды

Алматыда алғаш рет жасанды интеллект пен кванттық технологияларды зерттеуге бағытталған «Quantum AI» зертханасы ашылды. Жаңа нысан ғалымдар мен IT-мамандар үшін озық технологияларды дамытуға арналған заманауи ғылыми алаң болмақ. Кванттық компьютер – өте күрделі есептерді кәдімгі компьютерден әлдеқайда жылдам шығаруға арналған жаңа технология. Қуатты компьютер бір уақытта бірнеше қиын есепті қатар әрі тез шығарады. Әр есептің шығару жолын бір-бірлеп тексереді. Жаңа технология арқылы ғалымдар өте күрделі есептерді шығарып қана қоймай, ауа райын дәлірек есептеп, жаңа дәрілер жасауға қолданбақ.

Ақсұлтан Мұхамбет, компьютерлік ғылымдар PhD докторы:
Қарапайым классикалық есептер, қарапайым іздеу алгоритмдері деген сияқты олар өте үлкен бірнеше жылда шығаратын болса, кванттық компьютерлік сол есептерді бір түнде немесе бірнеше сағатта шығарып тастайды. Кванттық гибритты әдістерді есептеуге болады. Сонымен қатар, қазір өте маңызды қорғау саласына арналған кванттық криптография. Енді мәліметтерді қорғау маңызды. Ал кванттық криптография қорғауға алгоритмдерді бұзу мүмкін емес.


Бөлісу