Астана айналасынан жүздей заңсыз қоқыс алаңы анықталды
Елорда аумағында 100-ге жуық заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Қазір олардың 55-і жойылған. 44 учаске бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қалалық әкімдік осындай ақпарат жариялады. Жалпы алғанда, шамамен 57 мың тонна қалдық шығарылып, 90 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қоқыс қайта тасталмас үшін кіреберіс жолдарға шектеу аркалары мен бетон бөгеттер орнатылды. Айта кетейік, 2025 жылдан бастап заңсыз қоқыс тастағаны үшін жауапкершілік күшейтілген. Енді мұндай іс үшін 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 4 млн 300 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Ал қайталанған жағдайда айыппұл екі есеге артады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04