«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды. Конкурс 10 номинация бойынша өтеді, нақтырақ айтсақ, әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, тетар және кино, эстрада және халық шығармашылығы аталымдары бар. Оған еліміздің 35 жасқа дейінгі азаматы қатыса алады. Жалпы, сыйлық тағайындалған 1992 жылдан бері 380-нен астам жас қазақстандық лауреат атанған. Олардың қатарында өнер, білім, спорт, ғылым саласыда ел абыройын халықаралық деңгейде асқақтатып жүрген таланттар бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілінің сөзінше, сыйлық тек танымалдыққа негізделмейді, ол нақты еңбекке, дәлелденген жетістікке және қоғамға пайдалы нәтижеге сай беріледі деді. Құжат қабылдау 17-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Үміткерлер арнайы комиссия арқылы бағаланады. Жеңімпаздарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағы беріледі, сонымен қатар диплом, төсбелгі және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.
Үміткерлер халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздар, сондай-ақ өз саласымен қоғамға нақты үлес қосып жүрген азаматтар болуы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы