Өскемен жастары этносаябақты тазалады
Екі жыл бұрын басталған «Таза Қазақстан» акциясы өз нәтижесін беріп жатыр. Қазір жалпыхалықтық жобаға айналды. Нәтижесінде қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Жыл он екі ай өтетін тазалық шарасына тек былтырдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында жарты миллионға жуық адам қатысты. Нәтижесінде 500 мың тонна қоқыс шығарылды. Ал бүігн Өскемендегі «жасыл ел-жастар» қанатының белсенділері қаладағы этносаябақты тазалауға көмектесті. Олар орталық гүлзардың арам шөбін жұлып, тарихи ескерткіштерді ретке келтірді. Ерте көктемнен бері өңірде әр апта сайын «Тазалыққа қадам жаса» деген атаумен сенбілік ұйымдастырылады. Бұл жұмысты жастар ресурстық орталығы үйлестіреді.
Нұрзат Сембаева, қалалық жастар ресурстыққ орталығының маманы:
Осы «Жасыл ел – жастар жасағы» бізде осы қалаға 150 ден астам квота бөлінген болатын. Әр ай сайын елу-елуден балалар үш ай жұмыс атқаратын болады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16