Басты Жаңалықтар Семейде «Қарамола ережесі» кітабы жарық көрді

Семейде «Қарамола ережесі» кітабы жарық көрді

Семейде «Қарамола ережесі» кітабы жарық көрді. Ереже 1885 жылы Абай Құнанбайұлының тікелей қатысуымен қабылданған, қазақтың дәстүрлі құқық жүйесінің бірегей қолтаңбасы саналады. Құжат Қазақ даласында  қылмыстық және азаматтық істерді қарастыруды бір жүйеге келтіру мақсатында әзірленген. Бұл басылым 1886 жылы Қазан император университетінің баспаханасында жарық көрген. Кітаптың бір данасы Қазан федералды университеті кітапханасының сирек кітаптар және қолжазбалар бөлімінде сақталған. 2019 жылы Абай музей-қорығының қызметкері осы дананы тауып, басылымның цифрлық көшірмесін елге алып келген. Ереже мәтіні төрт нұсқада беріліп отыр: араб жазуындағы түпнұсқа, араб жазуынан тура аударылған мәтін, қазіргі қазақ тіліне бейімделген нұсқасы және орыс тіліндегі аудармасы.

Мейрамгүл Қайрамбаева, Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік қорық мұражайы директорының орынбасары:
Біздің Қазақстанның архив және кітапхана мекемелерінде бұл кітаптың түпнұсқасы сақталмаған болатын. Бес уездің би, болыстарымен келісе отырып, ақылдаса отырып жазылған еңбек. Абайдың шығармашылығына, Абайдың мұрасына деген біздің музейіміздің қоры үшін бұл өте ғылыми жетістік.


Бөлісу